Электронды кітапхананы басқару жүйесі ЕТИ РҒА СБ


А.М.Федотов

Cөздік мақала: (public_cat = Thesaurus of Information Technology: Dictionary Articles )

Желілік технологиялар

Желілік технология дегеніміз - бір-бірімен мәлімет алмаса алатын компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат еңдеудің тармақталған жүйесі.

Жергілікті желідегі компьютерлер мен құрылғылар көмегі арқылы жалпы мақсаттағы коммутацияланатын желімен немесе одан да басқа желілермен байланыса алады. Мысалы: Ethernet (10 Base-2,5,T,F), Fast Ethernet (100 Base-TX, FX, T4), Token Ring, Apple-Talk, ARCHNET және т.б. жергілікті желіге тән қасиеттер: мәліметтер жеткізу жылдамдығы жоғары, қате шығу деңгейі төмен және арзан бағалы жеткізу ортасы қолданылады. Кемшілігі: ұзындығы қысқа, жақын араға жеткізуге арналған. Жергілікті есептеу желісін CAN, MAN, WAN және GAN сияқты кең масштабты құрылымдарға біріктіруге болады: CAN – Campus Area Network – жақын орналасқан ғимараттарды байланыстыратын кампустық желі; MAN – Metropolitan Area Network – қалалық масштабты желі; WAN – Wide Area Network – кең масштабты желі; GAN – Global Area Network – ауқымды желі, цифрлы ақпараты бір немесе бірнеше жоғары жылдамдықты арналармен жеткізу, шектеулі аймақта қолдау табатын есептеу желісі; жалпыға ортақ қызмет ететін байланыс құралдарын пайдаланбайтын, тораптары бір-бірінен шамалы қашықтықта орналасқан есептеу желісі. Соңғы кезде бір мекемеде орналасқан жергілікті радиоторапты желілер кең тараған. Мұның артықшылығы – біріншіден, жалпы көрсеткіштері ойдағыдай болғанмен, бағасы онша қымбат емес, екіншіден, жұмыс істеп тұрған кабельдік желілермен оңай байланысады.Радиоторапты желілердің негізгі кемшілігі – олардағы информация тасымалдау жылдамдығының өте төмен деңгейде болуы, ол 10 Мбит/сек мөлшерінен аса алмайды. Келешекте радиожелілер кеңінен қолданылады.Олардың объективті себебі: − радиожеліні іске қосуға кететін қаражат осы тәрізді кабельдік жергілікті желіні іске қосудан арзан; − ескі мекемелерде қабырғаларын тесіп, кабель жүргізу оңай емес; − радиожеліні тарихи бағалы деп есептелетін мекемелерге жүргізу ыңғайлы, өйткені кабель жүргізу үшін тарихи ескерткішті қорғау орындарының келісімі керек; − кабель жүргізуге мүмкіндік жоқ, ал жергілікті желіні кеңейту керек.Субъективті себептері: − кабельдік желіге қарағанда қайта құру оңай, мысалы жаңа торап қосу, алу, олардың құрылғыларын орнату және т.б.; − жергілікті радиожеліге уақытша және жылдам қосылуға тиіс жеке пайдаланылатын ноутбуктерді қосу ыңғайлы; − жергілікті желілерді қолданылатын бағдарламалық жабдықтарына қарай екіге бөлуге болады.Мақаланың кілттік терминдері  Ethernet технологиясы;   Сымсыз технология;   AppleTalk технологиясы;   Ethernet;   Token-Ring;   Arcnet;   FDDI;


Мәнмәтіндік іздеу: Iздеу үшін үлгіні енгізіңіз:
    

|Список терминов| |Терминдер тізімі| |Directory of Terms|
© 2013-2024, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Астана
© 2007-2024, Новосибирск мемлекеттік университеті, Новосибирск
© 1998-2024, РҒА СБ есептеу технологиялар институты, Новосибирск
© 1998-2024, Федотов А.М.
[FIT]
НМУ АТФ       НМУ
Гумилев атындағы ЕҰУ
РҒА СБ ЕТИ
    Соңғы өзгерістер мерзімі:02.03.2015